Президенттің бес әлеуметтік бастамасының маңызы мен мазмұнын жұртшылық өте жоғары бағалайды. Оның ішінде білім саласын бәсекеге қабілетті етіп, сапасын арттыруға арналған ұсыныс көп көңілінен шығуда. «Не ексең – соны орасың» дана халқымыз бұл бастамалардың ырыздығын көп ұзамай-ақ көреді. Ортақ үйіміз Қазақстанның дамуы да бүгінгі оңы мен солы келіскен жастарға байланысты.
Президент бастамасының бағыттары бойынша шағын несие көлемін арттыру, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру халықтың тұрмысына оң әсерін тигізіп, жаңадан жұмыс орындарының ашылуына ықпал етпек.
Менің ойымша, Президент Н.Назарбаев осы мәселелерді жан-жақты екшей келе өзіне тән даналықпен аталған бастамаларды уақытылы жариялады. Біздің міндет Елбасының бастамаларын көп болып қолдап, игі істердің жүзеге асуына атсалысу болып табылады.
Серік Серкебаев,
аудандық мәслихаттың депутаты.