Майдангерлер мерейі көтерілді

Ұлы Отан соғысының бүгінгі күнге жеткен санаулы ардагерлері аудан әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының тұрақты назарында.

Жуырда аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев майдангерлердің үйлерінде болып,  Нұр-Сұлтан қаласының мерекесімен арнайы құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Майдангерлер өз кезегінде саптан да, санаттан да қалдырмай жүрген билік өкілдеріне ақ батасын ақтарды.

Суретте: Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақов.

Мәліметпен бөлісу: