Ауызбіршілігі жарасқан «Мансап орталығының» қызметкерлері сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, айрықша азаматтық белсенділік танытып, дауыс берді.
Аталған ұжым Сарқан қаласындағы №349 сайлау участкесінде таңдау жасады.
«Бүгін ауданымыздың болашағы үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Бұл саяси науқанға өңіріміздің әрбір азаматы саналы түрде қатысып, дауыс беруі керек деп санаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, ел тағдырына әсер етпек»,- деді «Мансап орталығының» басшысы Ернар Саматұлы.