Сарқан ауданы Бірлік ауылында 120 балаға арналған білім беру ошағы бой көтеруде. Нысанның құрылысына 1 млрд 8 млн теңге қаржы жоспарланып, оның 50 млн теңгесі игерілу үстінде.Мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Үш қабатты білім ошағы заманауи талаптарға жауап беретін болады. Ғимарат қазіргі үлгіде соғылып, ішінде оқушылардың сапалы білім алып, спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалады. Оқу бағдарламасына сай барлық қажетті құрал- жабдығымен жасақталмақ. Әрі мектептің құрылысына жергілікті тұрғындар тартылып, жұмыспен қамтылған. Бұған дейін ауыл балалары 1971 жылы пәтер ретінде салынған ескі мектепте оқып келген еді. Мектеп бейімделмеген ғимарат болып табылғандықтан білім ошағында асхана, спорт залы, акт залы және арнайы пәндерді оқытатын арнайы сыныптар болмады. Енді аядай ғана ауылдың балалары болашақта су жаңа мектепте білім алатын болады.
А.ТУГАНБАЕВА,
Бірлік ауылы.