«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ТЕРЕКТІ МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Теректі орта мектебінің акт залында Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында мектеп қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Құдияров Жалел Калелұлы, Мұрат Шыңғыс Ерланұлы, Құсаинов Талғат Өмірәліұлы қатысты. Мектеп ұжымына жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесуде сөз алған аудандық коалициясының мүшелері Конституция – мемлекеттің басты құжаты, ел дамуының темірқазығы екенін атап өтті. Жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қамтылғаны айтылды. Түсіндіру жұмыстары барысында ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарға нақты жауап алды. Жиын соңында ұжым мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысу керектігін жеткізді. Конституциялық реформалардың қоғам дамуына серпін беріп, әділетті әрі құқықтық мемлекет қалыптастыруға негіз болатыны атап өтілді. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 15 наурызында Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Өз тілшіміз.
