Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85-баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына, Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 16-87 шешімімен бекітілген Туристік-рекреациялық аймақ «Балқаш» демалыс орынының Бас жобасын жүзеге асыру мақсатында, Сарқан ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 16-87 шешімімен бекітілген Туристік-рекреациялық аймақ «Балқаш» демалыс орнының Бас жобасында белгіленген жер телімдеріне жер пайдаланушы «Есмурат» ЖШС-не тиесілі жалпы көлемі 1202,13 га жер теліміне (кадастрлік нөмірі 03-263-055-101) 668 гектар жер учаскесі кіріп тұруына байланысты 2019 жылдың 5 тамызынан бастап мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.

2. Алматы облысы Сарқан ауданы жер қатынастары бөлімі, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы жария етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн аралығында жазбаша түрде жер пайдаланушыға хабарлау қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа да қажетті шаралар қолдансын.

3. Жер пайдаланушымен келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, үндеу орны: Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі 8, № 5 кабинет болып белгіленсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің орынбасары  А. Мухановқа  жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                               М. Разбеков

Мәліметпен бөлісу: