Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру басты міндет


Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округінің әкімінің аппараты ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі баяндалады.
Халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету — мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты мақсат.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында – цифрландыру- сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы делінген. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету «бір терезе» қағидатын орындау барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды дамыту аясында өткізілетін 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша атқарылады. Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы және Абай ауылдары орналасқан. Халық саны 3970 адамды құрайды. Окгугте 2 орта мектеп шағын орталығымен,1 балабақша,1 дәрігерлік амбулатория,1мәдениут үйі,1 медициналық пункт, 2 байланыс бөлімшесі,1 дене шынықтыру сауықтыру кешені бар.
8 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты 2024 жылы келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілген:

  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау — 0;
  2. Мектепке дейін балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейнгі (7 жаска дейін) жастағы балаларды кезекке қою — 0;
  3. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру — 2;
    4.Сауда-сатықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 16;
  4. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру — 0;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою -0;
  6. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату-1;
  7. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы- 0
    Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу жұмыстары барынша ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жүргізілуде. Алмалы ауылы әкімдігінде, Алмалы, Тасарық орта мектептерінде, балабақшада, Алмалы дәрігерлік амбулаториясында өз бетінше қызмет алуға болатын «egov» бұрыштары бар. Барлық мемлекеттік қызметшілер электрондық цифрлық қолтаңба алды. Қазіргі уақытта жергілікті ауыл тұрғындарының ЭЦҚ кілт алуларымен қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыстар атқарылуда. Барлық шаруа қожалықтары ЭЦҚ кілтері уақытылы жаңартылып отырады. Қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері округтегі мектеп, балабақша, ауылдық аурухана жүзеге асырады. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы әкімшілікте 01 қыркүйекке дейін жалпы 296 мемлекеттік қызметтер электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілді. Соның ішінде сотталмағаны туралы анықтама-20, міндетті зейнетақы жарналарының аудармалары туралы анықтама-49, тұрғылықты жері бойынша тіркелу-14, психоневрологиялық ұйымнан-15, туберкулездік диспансер ұйымынан-15, наркология ұйымынан- 15, жеке тұлға үшін ЭЦҚ- 89, жұмыссыз ретінде еңбек биржасына тіркелу-79, 2024 жылдың 8 айлықта «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Онда керек барлық жағдай қарастырылған. Округ елді мекендердегі тұрғындар осы аталған қызмет көрсету бұрыштарында өздеріне тиісті құжаттарын алуға толық мүмкіндіктер бар. Округ тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды дамыту және іске асыру аясында дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
    Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде арыз – шағым түскен жоқ.
    Жоғарыда айтылған сөзімде негізгі деген мәселелерге тоқталдым. Алдымызда шешуді қажет ететін істер көп, алға қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін.
    А.Нурпеисова,
    Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: