Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментімен өңірдегі кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділікті дамытуды тежейтін әкімшілік кедергілер анықтау мақсатында кедергілер кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға байланысты мәселелерді, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарда басым қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру қажеттілігін талқылады. Қолданыстағы тетіктер Бизнестің өзгеріп отыратын нарықтық жағдайлары мен қажеттіліктерін ескере отырып, өзектендіруді талап ететіні атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар республикалық кедергілер картасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберілді. Қатысушылардың пікірінше, аталған бастамаларды іске асыру іскерлік ахуалды жақсартуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады.
