Мемлекеттік сатып алуға байқау өткізу 7 күнді құрайды


Мемлекеттік сатып алу дербес ел үшін айрықша маңызға ие. Оның барлық талаптарымен өзіне тән ережелері заңда бекітілген. Ал, дағдарыс жағдайында мемлекеттік сатып алу ісі қалай жүзеге асады ол туралы сала мамандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы № 127 Қаулысына сүйене отырып жауап береді.

Құжатта көрсетілгендей төтенше жағдайды енгізу салдарынан әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды.
Төтенше жағдай кезеңінде барлық тауарлар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілер арасында ғана және арнайы тәртіп шеңберінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғана сатып алынады.
Отандық тауар өндірушілердің тізбесін мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қалыптастырады және бекітеді.
Дәл осы мемлекеттік сатып алу ісіне қатысты арнайы конурс 2020 – 2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасында көзделген түрлі қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылады.
Конкурсты өткізу мерзімі шамамен 7 жұмыс күнді құрайды.

• Сатып алу бойынша 20 мың АЕК астам әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы қажет.

• Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың, аванстың орындалуын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу жөніндегі талап 20 мың АЕК-тен жоғары (55 560 000 тенге) сатып алуға қолданылмайды,
Жаңа өзгерістерге сәйкес, орталықтандырылған сатып алу жүйесін жетілдіру көзделуде.

Орталықтандырылған сатып алу органдары бірыңғай ұйымдастырушылар базасында республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жұмыс істейтін болады.

2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің электрондық деректер базасы — «Электрондық депозитарий» құрылды.
«Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алудың 80% — ын құрылыс құрайды. Онда жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемі жұмыс тәжірибесі болып табылады. «Электрондық депозитарий» одан әрі жеткізушілердің тәжірибесін автоматтандыруға және ашық есептеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тапсырыс берушілерге дәйексіз мәліметтер ұсыну мәселесін шешеді»,-деді Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит басшысының орынбасары Азамат Мұсабекұлы.
2020 жылдың 17 мамырына Департамент ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге 49 млрд. теңгеден астам сомаға 2 897 хабарлама жіберді. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік сатып алулар бойынша камералдық бақылаумен 60 288 лот қамтылды, яғни 446 млрд.теңгеден астам соманы.

Мәліметпен бөлісу: