Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Апта басында мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен Екіаша ауылдық округінің мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңке барысында жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түр-лері бойынша насихаттау жұмыстары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске қосылған «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған мобильдік қосымшаны Play Market с  ервисі арқылы жүктеуге болады. «Digital agent» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндігі. Шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерінің халыққа тиімді жақтарын және электронды түрде алу тиімділігі түсіндіріліп, сонымен қатар, іске қосылған (Digital agent) қосымшасымен таныстырылып, жадынама таратылды. Сондай-ақ  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері және «Цифрлы агент» бойынша баннерлер, инфографикалар, ақпараттық тақталар орнатылды. Брошюралар  ұсынылып,  «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы  бойынша слайд көрсетілді.

Аталған шараға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, сонымен қатар, Екіаша ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.    

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: