Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заңдылықтын сақталуының қамтамасыз ету мақсатында 2024 жыл басынан бері облыс көлемінде мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан байқау жүргізіп, қызмет берушілер тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағиданың 6-тармағының 5-тармақшасына сәйкес келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды түскен жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы құрылымдық бөлімшесі дәлелді бас тартуды жібереді.
Ал, елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш түскен жағдайда облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Алайда, көбінесе дәлелді бас тартуларды аудан/қалалар әкімдерімен берілгендігі анықталды.
Бүгінгі күні көрсетілетін қызметті берушілер үшін тиісті оқыту семинарлары өткізілді және Департаменттің ерекше бақылауына алынды.