
Мемлекеттік жәрдемақы — мемлекеттік бюджеттің немесе арнаулы қорлардың есебінен заңнамаға сәйкес төленетін жәрдемақы.
🔹2025 жылға 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды:
- 1, 2 және 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туған аналарға берілетін жәрдемақы – 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
🔹Мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы келесідей мөлшерде: - 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін өсті
- 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты.
- I ші топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін;
- II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін;
Ал — III топтағы мүгедек азаматтарға – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті. Осылайша мемлекеттік жәрдемақылар ұлғайды. Айта кететін жәйт мемлекеттік жәрдемақыға салық салынбайды.
К. ҚАЛИЕВА,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.
