Меморандумға қол қойды

Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық орталық ауруханасы, аудандық білім бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында меморандумға қол қойды. Өзара іс-қимыл туралы меморандумның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, «кедергісіз аймақ» құруға, құқықтарын тиімдірек жүзеге асыру үшін заңнамаларды жетілдіруге ықпал ету.

 

А.ОМАРОВ,

«Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалының кеңесшісі.

Мәліметпен бөлісу: