Мен және TopIQ

                

Сәлем! Менің атым – Айкүнім. Мен 1-сыныпта оқимын.Біз мектепте TopIQ деген керемет платформамен оқимыз.Бұл – менің сүйікті оқу досым!

TopIQ ішінде менің барлық оқулықтарым бар.Онда математика, сауат ашу,жаратылыстану, тіпті ән сабағы да бар! Кітаптар ішінен видео көре аламын, аудио тыңдай аламын, суреттерді қозғалта аламын.Кейде мен тапсырма шешсем платформа мені дауыспен мақтайды: <<Жарайсың!>> деп айтады -сол кезде көңілім көтеріледі.

Шынар апай бізге планшет береді немесе біз үйде телефоннан қараймыз. Ең жақсысы- ауыр сөмке көтерудің қажеті жоқ! Барлығы құрылғының ішінде.

Кейде тапсырма қиындау болады, бірақ TopIQ маған көмектеседі. Мысалы, егер дұрыс жауап бермесем, неге қате болғанын түсіндіреді. Бұл маған қатты ұнайды.

Мен болашақта Шынар апайым сияқты ұстаз боламын,сол кезде мен де балаларға TopIQ арқылы сабақ беретін боламын.

Жетісу облысы ,Сарқан ауданы ,Алмалы ауылы, Алмалы орта мектебі  

1 сынып оқушысы Мұрат Айкүнім

Мәліметпен бөлісу: