
Менің атым – Мұрат Айша. Мен 2-сыныпта оқимын. Маған оқыған ұнайды. Мен жақында Top IQ деген платформа туралы білдім. Бұл өте қызық және пайдалы.
Top IQ – бұл бізге интернет арқылы үйде отырып тапсырма орындауға көмектесетін бағдарлама. Ол жерде әртүрлі пәндер бар. Мысалы, математика, ана тілі, ағылшын тілі сияқты. Маған әсіресе тапсырма шешіп, ұпай жинау қатты ұнайды. Егер дұрыс жауап берсем, жұлдызша алып, балл жинаймын. Бұл мені шабыттандырады.
Top IQ маған сабақты жақсы түсінуге көмектеседі. Мұғалім кейде бізге үйге тапсырманы сол жерден береді. Мен анаммен бірге қарап, өз бетімше орындай аламын. Қате жіберсем де, дұрыс жауабын көрсетіп үйретеді. Бұл мен үшін өте жақсы.
Мен болашақта ақылды адам болғым келеді. Сол үшін көп оқып, білім алу керек. Top IQ маған сол жолда көмектеседі. Мен барша достарыма осы платформаны қолдануға кеңес беремін.
Top IQ – менің досымдай. Ол маған үйретеді, көмектеседі, әрі көңілді.
Жетісу облысы,Сарқан ауданы,
Алмалы ауылы ,Алмалы орта
мектебінің 2-сынып оқушысы
Мұрат Айша .
