Міндетін мүлтіксіз атқарады

Елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық аурухананың тіс дәрігері Беделхан Жадыраны кәсіби мерекесімен құттықтаймын.

Кез – келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына – дауа, тәніне – шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ желеңді абзал жандар.

Міндетін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігеріміз әрдайым ел ризашылығына бөленіп, ауырмай-сырқамай жүре берсін!

Қуаныш, сәттілік, табыс, мықты денсаулық тілеймін. Жүректе әрдайым мейірім оты сөнбесін!

Ізгі тілекпен емделушіңіз.

Мәліметпен бөлісу: