
Жансүгіров ауылындағы №2 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауында 1000-шы сайлаушы – Жомарт Елдос өз дауысын берді.
Ол сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде қатысты.
1000-шы сайлаушыға арнайы сыйлық табысталып, айтулы сәт естелікке айналды.
Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өз таңдауларын еркін жасауда.
Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағы үшін!
