Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесі
«Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Аскарованың 2020 жылдың І-жартыжылдығына арнаған есебі
Өмірдің мәні-өзгеге қуаныш сыйлау. Өмір жолында саған серік болған адамды қуанту. Оның көңіл-күйін шаттық сезімге толтыру. Адамдарға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де,оны да шаттықта бөлеу.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрып жатқан қызмет алушылар саны-110 адам. Тұратын адамдардың контингенті: 1-2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар.
I-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар – 16 адам
II-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар – 94 адамды құрайды.
Соның ішінде:
Ер азаматтар: 77
Әйелдер: 33
Жасы бойынша бөлгенде:
20-дан 30 жасқа дейін: 32
30-дан 40 жасқа дейін: 22
40-тан 50 жасқа дейін: 20
- 50-ден 60 жасқа дейін: 27
- 60 жастан асқандар: 9
Ұлт бойынша бөлгенде:
- Казақ ұлты: 71
- Орыс ұлты: 32
- басқа ұлттар: 7
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №379 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының» талаптары «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде толығымен сақталады.
Мекемеде қызмет алушылардың ата-аналары және туыстарымен кездесу бөлмесі, емшара кабинеті, демалыс орны, еңбек терапия және емдік дене шынықтыру, уқалап-сипалау, сенсорлық бөлме, асхана, дәрігерлер және т.б бөлмелер бар.
Мекеме мамандармен толықтай қамтылған. Қазіргі таңда қызмет көрсететін мамандардың білімі мен біліктілігі лауазымдық нұсқаулықтарына сай. Мамандар уақытылы біліктілігін арттыру курстарына барған,бүгінгі күнге
біліктілігін арттыру кәсіби даярлығынан өтпеген мамандар жоқ. Қызмет алушыларды емдейтін дәрігерлер атап айтқанда, психиатр-дәрігер, невропатолог-дәрігер, терапевт-дәрігер, фельшер-акушер, массаж жасау жөніндегі мейірбике, диеталық тамақ жөніндегі мейірбике, мейірбикелердің маман сертификаты және тиісті біліктілік санаты берілетін маман куәліктері бар.
Жеке карточкалары бойынша қызмет алушыларға кезең-кезеңмен жұмсақ мүкәммалдар беріледі. Қызмет алушылардың жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес қызмет алушыларға тоқсан сайын жөргек уақытылы алынады. Жылына 20 қызмет алушыға 14600 дана жөргек алынады.18 әйел азаматтарға ай сайын 16 данадан 288 дана гигиеналық төсеме беріледі. Мекемеде қызмет алушылар жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес бөлмеаралық арба және серуендеу арбасы,есту аппараты және ортопедиялық аяқ киімдермен толықтай қамтылған. Қызмет алушылардың денсаулық жағдайына байланысты жеке оңалту бағдарламасы медициналық көрсеткіштерге байланысты сараптамадан өткізіліп,өзгерістер енгізіле отырып әр қызмет алушыға жеке қарастырылады.
Мекемеге кіреберіс жерге қызмет алушыларға арналған пандус орнатылған.Қатты қалдықтар аптасына бір рет шығарылады.Ұйымда қабырғаларды әктеу, сырлау, сынған бұйымдарды қалпына келтіру, тегістеу, көгалдандыру жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Мекеме аумағы толықтай жарықтандырылған. Мекемеде қызмет алушылар оңалту жабдығымен, жұмсақ және қатты мүкаммалдармен,автокөлікпен толықтай қамтылған. 2020 жылға жоспарланған жұмсақ және қатты мүкамалдар жоспар бойынша алынуда. 110 қызмет алушы төсек жабдықтарымен,төрт маусымдық киім-кешек,аяқ киімдермен толықтай қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар медициналық қызметтерді көрсету соның ішінде мүгедектік туралы берілген анықтаманың мерзімі әр жыл сайын уақытылы өтіліп отырады. Қазіргі таңда 109 қызмет алушының мүгедектік туралы анықтамасы мерзімсіз болса, 1 қызмет алушының анықтамасы белгілі мерзімге берілген. Қызмет алушылардың жергілікті ауруханаларға тіркелуін қамтамасыз ету, скринингтік тексеруден, профилактикалық тексеруден өткізу бойынша аудандық ауруханамен 2020 жылға арналған жоспар жасалынып бекітіліп, жоспарға сай іс-шаралар атқарылуда.
«Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде карантиндік режиімде барлық санитарлық-эпидемиялық іс-шаралар толығымен сақталуда. Мекемеде күнделікті қызмет алушылардың күніне бірнеше рет қолдары жуылып, 2 уақыт таңертең және кешке дене қызулары тексерілуде. Қызмет алушылардың және қызметкерлердің күнделікті бетперде киіп жүруі қадағалануда. Аптасына 1 рет қызмет алушылар моншаға,қажеттілігіне қарай себезгі қабылдайды. Сонымен қатар бөлмелерді күніне алты рет үнемі желдету, үш рет
ылғалды жинау, санитариялық-дезинфекциялық режим қатаң сақталады. Антисептиктер мен санитариялық-дезинфекциялық құралдар, костюмдер жеткілікті. Мекемеде қызмет алушылардың дене қызуларын өлшеу журналы,желдету, ылғалды жинау, қызметкерлердің дене қызуларын өлшеу журналдары жүргізіледі. Бүгінгі күнге COVID-19-ға ұқсас көріністері байқалатын, дене қызуы жоғарылаған қызмет алушылар және қызметкерлер жоқ. Бүгінгі
таңда мекемеде қызметкерлер мен қызмет алушылар 100% COVID-19-ға тест тапсырып, барлығы теріс нәтиже көрсетті. Мекемеде 2020 жылы дәрі-дәрмек мемлекеттік сатып алу порталы арқылы толығымен алынды. Бүгінгі күнге дәрі-дәрмекке мұқтаждық жоқ. 2019 жылы 2 қызмет алушы қайтыс болса, 2020 жылы қайтыс болғандар жоқ.
Мекеме мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №379 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының» 8 бағыты бойынша қызметтерді атқарады. Атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-құқықтық.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар қызмет алушы мекемеге келген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде бақылап, жеке жұмыс жоспарын және журнал/электрондық картотека жасау жұмысын үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, паллиативті көмек күтім көрсету қызметтерін қажет ететін науқастарды анықтауға тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жұмыс жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/ электрондық картотекада көрсетеді. Журнал электрондық картотека әрбір қызмет алушыға жеке-жеке жүргізіледі, журнал/ электрондық картотека толық толтырылып, мамандардың қолдары қойылады.
Емдік дене шынықтыру нұсқаушылары қызмет алушыларға жылдық, тоқсандық, апталық жұмыс жоспарын ұйымдастырады. Күнделікті қызмет алушылармен таңертеңгілік гимнастикалық бой сергіту жаттығулары өткізіледі. Дәрігердің нұсқауымен бөлінген топтармен арнайы емдік дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Мысалы, велотренажор, белтемір, жүгіру жолының көмегімен көптеген жаттығулар іске асады. Қызмет алушылардың қызығушылығына қарай шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі ойындарын үйрету жұмысы жүргізілді. Қызмет алушылар арасында әр түрлі ойындардан сайыстар мен жарыстар өткізіледі. Жыл сайынға параолимпияда ойындарына үстел теннисі және шахмат ойындарынан сайысқа қызмет алушылар қатыстырылып, мақтау қағаздармен марапатталған.
Мекеме психологтары күнделікті қызмет алушылардың психологиялық жағдайының процесін анықтап, жеке дара ерекшеліктеріне қарай отырып жеке жұмыс жоспары құрып жоспарға сай жұмыстар атқарады. Қажетіне қарай күнделікті қызмет алушылармен әңгімелесіп, тыңдап, көңіл — күйлерін көтеріп психологиялық көмек көрсетіп және сенсорлық бөлмеде құрғақ бассейнді қолдана отырып ойындар жүргізеді. Шуақты үйді, галактика,трио,құм терапиясын пайдаланып релаксациялық жұмыс жүргізіледі. Топтық ойындар, арт- терапиясы, музыка терапиясы өткізілді. Қызмет алушылармен «Шаттық шеңбері», «Мен және менің достарым», «Сиқырлы сандық», «Көтеріңкі көңіл күй» , «Көңілді шеңбер», «Өміріңнің бақытты сәттері», «Жүректен жүрекке» секілді тренингтар үнемі өткізіледі.
Жыл басында еңбек терапия нұсқаушылары қажеттілігіне қарай, қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесінің қалпына келтіруге жәрдемдесетін іс –шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек-қызметінің түрлері 11топқа бөлінеді. Олар:
1 топ- ермексазбен жұмыс
2 топ -табиғи материалдармен жұмыс
3 топ -қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс
4 топ -бейнелеу өнері
5 топ -матамен жұмыс
6 топ- моншақпен жұмыс
7 топ -киім тігу
8 топ -аяқ киім тігу
9 топ -ауладағы, бөлмедегі гулдерді күту
10 топ- ағашпен жұмыс
11 топ — тоқыма тоқу
Емдеу еңбек қызметің жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде жүзеге асырылады,қызмет алушылардың шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін,жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша жеке сабақтар ұйымдастырылады. Арнайы жабдықталған еңбек терапиясы бөлмесінде қызмет алушылар қолданатын іс тігетін мәшине, үтік, ине, қайшы, жіп және де қызмет алушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдар қоятын сөрелер бар. Күнделікті қызмет алушыларға жұмыс орындары ұйымдастырылып және қауіпсіздіқ сақтау ережесімен таныстырылады.Қызмет алушылардың сөгілген, жыртылған киімдері және аяқ киімдері уақытылы тігіледі. Қызмет алушыларды еңбекке баулу жұмысына бейімдеп қол-өнерден бұйымдар жасауға, қол еңбегінің түрлерін, техникасын ,әдістерін пайдаланып еңбекке ынталандырылады. Қағазбен, қатырма қағазбен және оригами әдісін қолданып «Аю», «Қазақстан картасының» көрініс суреті жасалынып, Пайеткамен «Ара» көрініс суреті жасалса, кесте жіптен «Қошқар мүйіз» өрнегі, «Қазақ үй» кестеленді. Тоқыма жіптен «Қолғап», «Шұлық» бұйымдары тоқылды. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – тіршіліктің тірегі» атты
тақырыбында қыздар арасында сайыс өткізілді. 22- наурыз мерекесіне арналған «Наурыз» атты көрме ұйымдастырылды. Атлас матадан «Жер шары» гүлдермен безендіріліп жасалды. Ағаштан «Шаңырақ», «2020 Қазақстан» бұйымдары жасалды. Табиғаттағы табиғи материалдармен жұмыс
барысында (сабаннан,емен ағашынан және тал шыбықтарынан) «Себет», «Балық», «Ағаш», «Тиын», «Кірпі» жұмыстары жасалды. Еңбек терапия нұсқаушылары көмегімен жыл сайын мекеме аумағындағы және бөлмедегі гүлдер қопсытылып, отырғызылып, күтіп баптау жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымда қызмет алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес жұмыс жүргізетін дефектолог маман бар. Дефектолог маман қызмет алушыларды педагогикалық диагностикалау және зерттеуді арнайы тестілерді пайдалана отырып жасайды. Қызмет алушылардың тұлғалық жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс жағдайға ұшыраған қызметтерді алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсетеді. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзету, дамыта
оқытуды жүргізу үшін қызмет алушылардың әлеуметтік дағдылары мен дамуы ескеріліп, толықтыра отырып топтарға бөлу арқылы жүргізіледі.
Музыкалық жетекші және мәдени ұйымдастырушы мерекелер мен қызмет алушыларды туған күндерімен уақытылы ұдайы құттықтап,арнайы іс-шаралар өткізеді. Қамқорлықтағы тұрғындарға әр түрлі мәдени, тынығу іс-шараларын мекеме басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырады. Қызмет алушылардың қызығушылықтарына қарай домбыра, гитара, баян аспаптарымен жұмыс жасайды. Әр мерекелік іс-шараға қызмет алушылар әдемі ән және әр түрлі би билеу арқылы жұмылдырылады. Күнделікті қамқорлықтағы тұрғындардың көңілін көтеру мақсатында музыка-терапиясы жүргізіледі. Қажеттілігіне қарай әр қызмет алушымен жеке жұмыстар атқарылады.
Мекемеде қызмет алушылардың құжаттары уақытылы рәсімделеді. Қызметалушылардың ата-аналары және туыстарымен мекеме заңгері үнемі байланысып,құқықтық кеңес береді.
Орталықта уқалап сипалау (массаж) кабинеті жұмыс істейді. Қызмет алушыларға дәрігерлердің тағайындауына сәйкес Nuga Best төсегімен іс-шаралар атқарылады. Уқалап сипалау іс-шаралары таңғы астан кейін бір сағат өткенде басталады. 1 қызмет алушыға 10-15 минут аралығында уқалап сипалау шаралары жүргізіледі. Уқалап сипалау кабинеті нұсқаулыққа сай ұдайы уақытылы желдетіліп,көгілдір шаммен зарарсыздандырылады.
Мекемеде кызмет алушылар дер кезінде 5 уақыт тамақтанады. Қамқорлықтағы тұрғындар астарын асханада ішсе,паллиативті күтім палаталарындағы қызмет алушылар күтім жөніндегі санитардың көмегімен тамақтанады. Азық түлік өнімдері жыл басында мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, азық-түліктің мекемеге уақытылы жеткізілуі қадағаланады. Ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы азық-түліктерден әзірленуі қамтамасыз етілген. Теңгерімділігі мен калориялық талаптары 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 357 бұйрығы, қосымша 186 бұйрықпен перспективалық ас мәзірі 1- жетілік және 2- жетілік (7 және 14 күндік) перспективалық тағамдардың кестесі жылына 2 тоқсанға арнап 110
қызмет алушыға жасалынады.1)-ші күздік және қыстық. 2)-ші көктемдік және жаздық (орталарында өзгерістер болуы мүмкін).
Перспективті ас мәзірінде аталуы бірдей тағамдардың, гарнирлердің немесе аспаздық өнімдердің бір күн ішінде және келесі 2-3 күн бойына бірнеше рет қайталануына жол берілмейді. Нақты тамақтану рационын және күнделікті ас мәзірі құру бекітілген перспективті ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етіледі. Олардың тағамдық құндылығын ескере отырып, бір өнімдерді, тағамдарды және аспаздық өнімдерді басқаларына ауыстыруға жол беріледі. Мекемеде азық-түліктерді сақтайтын тоңазытқыштар жеткілікті.
Қазіргі таңда Сарқан қаласы,Тәуелсіздік 286 мекен-жайда орналасқан 2-бөлімше бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп,Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына құжаттар тапсырылды.
Орталықта барлығы 27 бейнебақылау камералары орнатылған. 2021 жылға қосымша жұмыс кабинеттеріне 20 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.
«Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Аскарова