Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Кубентаев және партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Дармышев және комиссия мүшелері, бастауыш партия ұйым төрағалары мен мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе аясында «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың тиімді жоспарлануы және орындалу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту орталығы директоры Д.Сағынғалидың есебі тыңдалды. Өз кезегінде Дидар Жомартұлы орталық тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар турасында жан-жақты мәліметтермен бөлісті. Түйткілді түйіндер де барлығын жасырмаған баяндамашы сондай-ақ жоспарлы жұмыстарымен таныстырды. Есепті жиын соңында қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, шешім қабылданды.
Өз тілшіміз.