Нәзікжандылар сынға түсті

Жуырда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық спартакиада болып өтті. Нәзікжандылар бақ пен бап сынаған сайыстың ашылуына аудан  әкімінің орынбасары  Ғалымжан Маманбаев арнайы қатысып, мерекеге орай құттықтауын ортаға салды.

Сондай-ақ Ғалымжан Қанатұлы мерекеге орай өңіріміздің спорт саласын дамытуға қосқан үлесі, жас ұрпақты салауатты  өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі атқарған зор еңбектері үшін бірқатар нәзікжандыларға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Қатысушыларына жоғары көңіл-күй, сергектік, ұйым ұжымшылдығын сыйлаған  спартакиада спорттың үш түрі негізінде, атап айтқанда шахмат, қол күрес және көңілді сөре сайыстары бойынша өтіп нәтижесінде мынадай орындар белгілі болды. Көңілді сөре: 1 орын № 1 мектеп-гимназия, 2 орын Сарқан гуманитарлық колледжі, 3 орын Бірлік орта мектебі, 4 орын М.Жұмабаев атындағы орта мектеп, 5 орын Н.Островский атындағы мектеп-лицей. Шахмат: 1 орын Орынбек Асель (гуманитарлық колледж), 2 орын Асхар Хундыз (Екіаша ОМ), 3 орын Мамбетбаева Айнагуль (Әл Фараби ат. ОМ), 4 орын Мықтыбекова Сая (Островский ат. МЛ). Қол күрес: 1 орын Гришина Алена (Бірлік ОМ), 2 орын Өмірбаева Жазира (Тасарық ОМ), 3 орын Машанова Балауса (гуманитарлық колледж).

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: