Нақты міндеттер белгіленді

Шілденің 26-сында  аудан  әкімі Ерғазы Қошанбековтың төрағалығымен жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Сарқан қаласы және ауылдық округтердің әкімдері,  облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық басқарма, кәсіпорын, мекеме басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы  болып өтті.

Жиында ауданның 2018 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және ІІІ тоқсандағы міндеттер туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Разбековтың хабарламасы тыңдалды. Жарыссөзге  Бақалы ауылдық округінің әкімі Арын Күрішбаев, Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Мақсат Карипжанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Тәжиев,  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртөлеу  Мұқашев қатысып, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарды ортаға салды.

Күн тәртібіндегі Сарқан ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселе  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Каиповтың баяндамасына арқау болды.Ерғазы Қошанбекұлы жиын барысында    барлық жергілікті атқарушы орган басшыларына, мекеме қызметкерлеріне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің өркен-деп көркеюі жолында бекітілген  бағдарламаларын жоғары деңгейде орындауды тапсырып,  сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын, туризм саласын, орта және шағын бизнесті дамыту, елді мекендерді абаттандыру,  көріктендіру, сәулетін арттыруды  басты  назарда ұстауды міндеттеді.  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: