Нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді

Сарқан көпсалалы колледжінде құқық бұзушылықтың, оның ішінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға Сарқан ауданының аға прокуроры С. Балғабек және Сарқан аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Қасымбаев қатысты. Кездесу барысында мамандар нашақорлықтың адам денсаулығына, қоғамға және болашақ өмірге тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен түсіндіріп, есірткі заттарын қолданудың құқықтық жауапкершілігіне тоқталды.

Сонымен қатар, білімгерлерге нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетіліп, зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.

https://www.instagram.com/reel/DUYDZNPjYmE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Мәліметпен бөлісу: