Өңірімізде 5 қараша күні өтетін аудан әкімін сайлау науқаны аясында сайлаушылармен кездесу, үгіт — насихат жұмыстар жалғасу үстінде. «AMANAT» партиясынан ұсынылып отырған кандидат Маманбаев Ғалымжан Қанатұлының сенімді өкілдері жақында «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Бірлік ауыл тұрғындарына үгіт жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Сенім білдірілген өкілдері алда өтетін аса маңызды тарихи оқиға, саяси науқан – сайлаудың ауданымызды қоғамдық-саяси, экономикалық жағынан дамытудағы рөліне тоқтала келе, таңдау ел азаматтарының қолында. Яғни болашағымыз өз қолымызда. Сондықтан саяси науқанға біркісідей қатысуымыздың өте маңызды екендігін атап өтті.