
2026 жылғы 8 қыркүйекте Н. Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Неке тек өзара келісім бойынша» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға неке қиюдың екі тараптың өзара ерікті келісіміне негізделетіні, ерте некенің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтардың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесуді мектептің әдеп және құқық жөніндегі менторы Ұлжан Курмановна жүргізді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және өмірлік маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DdBdZWUsfAo/?stkn=MXE1bnJ5dm14MGJoZg==
