Өнім көлемі артты

Сарқан ауданында 58 мыңнан аса гектар жерге дәнді дақылдар себіліп, одан 138 мың тонна өнім алынды. Ауданымыз барлық егістік дақылдары үшін қолайлы аймақ болып келетін құнарлы өлке. Жыл сайын шаруалар сонау көктемнен, қоңыр күзге дейін бел жазбай еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Осы бағыттағы жұмыстар іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі деуге болады. Атап айтқанда, ерекше сортты тұқымдарға субсидия, әр түрлі ауыл шаруашылық техникаларын алуда жеңілдетілген несие сондай-ақ, науқан кезінде жеңілдетілген жағар жанармаймен уақытылы қамтамасыз ету. Жалпы ауданда 1000 –нан аса шаруалар астық дақылдарын себумен айналысады.

– «Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 98 мың га құрады. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар алаңы – 58 мың га. Биылғы егіс науқаны қатаң карантин режимінде өтті, жаз маусымы да өткен жыл сияқты жауын аз болғаны белгілі. Аптап ыстық пен  жауын-шашынның аздығына қарамастан, егіс науқаны сапалы жүргізіліп, алқаптарда 185 техника екі ауысыммен жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең басты міндет алқаптардағы қант қызылшасы, майлы дақыл өнімдерін шығынсыз жинау», – деді аудан әкімінің орынбасары Асқат Қалиасқаров. былтырғы жылмен салыстарғанда дәнді дақылдардың көлемі 11 мың, соның ішінде жүгері егістігінің көлемі 3 мыңға гектарға артқанын айтты.

Тағы бір тоқталар жайт,  биыл ауданда алғашқы рет «Азия Голд» ЖШС Қонақ жүгері (Сорго) астық дақылын 329 гектар жерге сепкен.

аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәліметпен бөлісу: