«Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясы

Биылғы жылдың 24-cәуірі күні Нұр – Сұлтан қаласында Елбасы, «Nur Otan»  партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен партияның кезектен тыс XІХ съезі өтетін болады. Осыған байланысты облысымыздың аудандарында  кезектен тыс конференциялар өткізілуде.  Белгіленген өкілеттілік нормасына сәйкес «Nur Otan»  партиясы Сарқан аудандық филиалының кезектен тыс ХХIV конференциясына 110 делегат сайланды.

Аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында өткен конференцияны партияның Сарқан аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  Марат Разбеков  ашып, жүргізді. Конференция жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары,  үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Конференцияның жұмысшы органдары сайланды да «Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті ХХІІІ съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру туралы»  «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Аслан Кубентаев баяндама жасады. Күн тәртібіндегі басты мәселені  талқылау үшін аудандық  мәслихат депутаты, партия белсендісі Жомарт Игіман,  аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дастан Калиев жарыссөзге шығып, алдағы сайлауға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Конференцияда сондай-ақ  Алматы об-лыстық партия филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына бір ауыздан 4 делегат сайланды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: