Адамдардың бір-бірімен қарым – қатынасы, араласуы, тіл табысуы адамзат өркениетінің дамуымен қатар өсіп келеді. Қазіргі таңда, бұл процесс үздіксіз жүрудің нәтижесінде түрлі деңгейге жетті. Бұл өз кезегінде қоғамға теріс әсерінен бөлек, алға дамудың, жаңа деңгейге жетудің бірден-бір себебі болды десек артық айтқанымыз емес. Алайда, қоғам ішін майдалап, кеселге айналған сыбайлас жемқорлықта дәл осы дамумен қатар жүруде.
Қалай болса да, сыбайлас жемқорлық – адамзат өркениетінде заманға сай дағдыланып, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайған кеселдің бірі.
Қалай десекте, кеселдің алдын алу үшін мейлінше күш салынып жатқаны да анық.
Мәселен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Қарапайым халық жемқорлық дертімен жиі ұшырасуының салдарынан кеселдің тамырына бірден балта шабу әзірге мүмкін болмауда. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуді жекелеген әрбір тұлға белсенділік танытуы қажет секілді.
Бүгінгі таңда, жемқорлық мемлекеттік органдардың да атына нұқсан келтіруде. Тіпті өз қызметін атқаруына кері әсерін тигізіп, күні кешеге дейінгі атқарылған жұмыстарды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болуда. Бұл халық пен мемлекеттік қызметтегі азаматтардың арасын алшақтатып, сенімсіздікке алып келуде. Осы тұрғыда орын алған бір кемшіліктер үшін барлық қызметті дәл солай көру қате пікір дегіміз келеді.
Осы орайда біздің «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – де басқарма тарапынан қызметкерлерге мейлінше түсіндірме жүргізіліп отырады.
Әр қызметтің жауапкершілігі алдыңғы қатарды алып, қызмет бабын заң аясында атқаруға әркез басымдық берілу керектігі түсіндірілуде. Сонымен қатар әр айдың соңында әрбір парк мемлекеттік инспекторларымен жеке парақ толтырылып басшылықпен бақылауға қатаң алынып сарапталып жүргізілуде.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және осы тұрғыдағы түрлі құқық бұзушылықтарға жол беруінің түрлі себебін келтіруге болады. Алдымен қызметшілердің білім деңгейінің төмендігі, жауапкершіліктің аздығы десек, әр жасаған кемшілік сол мекеменің жұмысына әсер ететіні тағы бар.
Қорытындылай келе, «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөзді әрбір мемлекеттік қызметтегі азаматтар басым бағдарына айналдыра білсе дегіміз келеді. Шынында, әр салада Заң жүзінде қызмет етіп, туралыққа бастай білсек, әділдіктің Сіз бен біздің жағымызда екені даусыз.
С. Ержанов,
«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ бас директорының орынбасары.