Жақында «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық мемлекеттік кірістер басқар-масының басшысы Узбеков Арман Кенжеғалиұлы қабылдау жүргізді.
Қабылдауға Сарқан қаласының тұрғыны, көп балалы ана Баймолдина Айгүл Әскербайқызы келіп, баласы жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына Джиу-Джитсудан әлем чемпионатына қатысқалы отырғанын айтып, демеушілік көмек сұраған еді. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Узбеков Арман Кенжеғалиұлы бір қатар кәсіпкерлерге көп балалы ананың өтінішін жеткізген болатын. Соның ішінде жеке кәсіпкер Тайлаков Алибек Жаназанұлы спортшы балаға қаржылай көмек көрсетіп, әлем чемпионатында жүлдемен оралуын тілеп, ақ батасын берді. Мәселе оң шешімін тапты.
Д.Бердыбаев,
«Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының эксперті.