Қоғамдық қабылдау өткізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын » Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 18 наурызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Сарқан аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық талдау тобының мүшелері қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар өздеріне қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі бойынша жүгініп, тұшымды жауаптар, қажет мәліметтер алды. Сонымен қатар қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындарына қажетті ақпараттар ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: