
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы білім басқармасымен бірлесіп, құрылған арнайы қоғамдық бақылау штабы Сарқан ауданының Қойлық ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектебіне барып, білім ордасының қызметімен жан-жақты танысты.
Бақылау штабының басты мақсаты –балалардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын, санитарлық талаптардың орындалуын және қауіпсіздік деңгейін тексеру бақылау.

– Мониторинг барысында «Қоғамдық бақылау» штабы білім беру мекемесіндегі асханаларындағы жұмыс барысы, оқушыларға ұсынылатын тағамның сапасы, азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары, сондай-ақ тағам дайындау талаптарының сақталуы қаралды.
Осындай қоғамдық бақылау шаралары облыстың басқа да білім беру мекемелерінде жалғасып келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың денсаулығын қорғау мен сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
