Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Жақында аудан әкімі Е.Қошанбеков аудандық қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Қоғамдық кеңестің кезекті 17-ші отырысын кеңес төрағасы С.Садықов ашып жүргізіп отырды. Негізгі сөз тізгінін алған өңір басшысы Ерғазы Қошанбекұлы ауданның түрлі сала бойынша көрсеткіштерін жиналғандар назарына ұсынды. Оның ішінде аграрлық саланың ахуалы, игерілмей жатқан жерлерді анықтау, шағын және орта бизнесті қолдау, салықтық түсімдер, инвестиция тарту, туризм, білім, спорт, денсаулық, мәдениет, жастар, ішкі саясат, қылмыстылық сияқты негізгі мәселелердегі жетістіктермен бөлісіп, кемшіліктерді көрсете келе биылға межеленген нақты мақсаттарды атап өтті.

 

Жарыссөзге Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Жанасбеков, Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің директоры К.Мұқашева, «Қанатжан и К» ЖШС директоры Ж.Сасанбаев шығып негізгі баяндаманы талқылай келе оны бірауыздан мақұлдады. Жиын қорытындысы бойынша Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбековтың ауданды әлеуметтік – экономикалық дамытудағы 2017 жылы атқарған жұмысы және 2018 жылдың міндеттері туралы есебі халық алдында баяндауға келісім берілсін деген қарар қабылдады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: