Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті 15-ші отырысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау, Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбековтың «2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылдың жоспарлары туралы» қорытынды есебі және аудан тұрғындарына көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары, аудандық қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту бойынша көкейкесті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Садуақас Садықов денсаулығына байланысты төраға лауазымынан босатуын өтініп, қоғамдық кеңес төрағасының лауазымына кеңес мүшесі Қадыр Абдрахмановтың кандидатурасын ұсынды. Кеңес мүшелері ұсынысты қолдап, бір ауыздан дауыс берді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімі Талғат Қайнарбековтың баяндамасы тыңдалып, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков әкім есебіне оң баға берді. «Канатжан және К» ЖШС-нің директоры Жәлел Сасанбаев Алмалы ауылындағы Сәтпаев көшесі тұрғындарынан су құбыры бойынша түскен өтінішті ортаға салып, Сарқан қаласындағы Төлебаев көше-сінің жабындысын ауыстыру туралы аудан әкіміне ұсыныс жасады. Кеңес төрағасы Қадыр Абдрахманов аудан әкімінен жайылым мәселесіне көңіл аударуын сұрады.
Отырыста аудан бас-шысының қорытынды есебіне оң баға беріліп, Сарқан аудандық мәслихатының және аудандық қоғамдық кеңестің 2020 жылы атқарған жұмыстары мақұлданды. Қоғамдық кеңес мүшесі Бейсенбай Разбеков кеңес мүшелерін жұмыс жоспарының жобасымен таныстырып, қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.