ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫС ҮСТІНДЕ

Алдағы Президент сайлауына Nur Otan  партиясынан сайлауға түсетін кандидатты қолдау үшін аудандық филиалда қоғамдық штаб құрылып,  өз жұмысын 11 мамырдан бастады.  Штабтың ашылуына орай жиын өтіп,  оған  адандық партия филиалының қызметкерлері, аудандық сайлауалды штабының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Штаб басшысы болып аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Нұрахметұ  лы Көбентаев тағайындалды.

Сарқан ауданы бойынша 33 сайлау учаскелері жұмыс жасайды. Аудандық штаб құрамында 19 адам, сонымен қатар 44 сенім өкілдері және 55 белсенділер үгіт-насихат жұмысын жүргізеді.

Штаб мүшелерінің жұмыс жоспары жасалып, алдағы жауапты кезеңде атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары сараланды.

Мамырдың 12-сінде  Nur Otan партиясы Сарқан аудандық филиалында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмесі іске қосылды, тұрғындарды қабылдау жұмыстары бастау алды. Сайлау науқаны кезеңінде кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлме-сінде, сайлаушылардың ұсыныстарын, тілектерін, азаматтардың өтініштерін қабылдау, қарау, талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Мәліметпен бөлісу: