
Жуырда еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Аталған сүбелі сұхбатта әр салаға жан-жақты тоқталған мемлекет басшысы қоғамның кеселіне айналған сыбайлас жемқорлық мәселесін де атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу – аса қажетті жұмыс. Бұған еш күмән жоқ. Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жолында ең озық халықаралық стандарттарды, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізіп жатқан талаптарды басшылыққа алады. Бұл – өте жоғары талап, біз соған сай болуымыз керек. Бұған қоса, мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін үнемі айтып отырамын. Өйткені әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр» деді президент.
Қ. АБДРАХМАНОВ,
Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
