«Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ». Осылайша Қазақстан халқына үн қатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз» деп қадап айтты.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауынан кейін қалыптасқан жаңа депутаттық корпус арқасында елімізде жүріп жатқан жан-жақты саяси жаңғыру үдерісі белгілі бір межесіне жетіп, қоғам дамуының жаңа кезеңі басталатынына сенім артты.
Президентіміздің елімізді дамыту жолындағы реформаларының жүзеге асып жатқандығын көріп жатырмыз. Реформалардың болып жатқандығы Президетіміздің халық үнін еститіндігінің бір белгісі, және естіп қана қоймай қажетті өзгерістерді іске асыра білгені, Жаңа Қазақстанды құруға деген ынтасын көрсетеді. Бізде Президентімізді қолдап еліміздің көркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Осы өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына үлкен ықпал етеді деген сенімдемін. Бүкіл ел болып қоғамның жаңаруымен жандануы үшін « Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез келді. Әр қазақстандық үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерді орынды пайдалана отырып, ел дамуына өз үлесімізді қосуға тырысудамыз. Әрбір дамыған мемлекеттің даму үрдісі уақытпен қашалып, нақты жұмыстармен шыңдалғанын көріп отырмыз. Сондықтан да, мемлекетіміздің өсіп, өркендеп, дамуына бағытталған реформаларды тек жетістігіміз деп қарап, қолдауымыз керек деп білемін.
Назерке ИМБЕРГЕНОВА,
Алмалы ауылы тұрғыны.
