«Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Буккроссинг» акциясы қала тұрғындарының арасында кітап алмасу сәуір айының 9-10 жұлдызы аралығында Буккроссинг «Кітап алмасу» акциясының биылғы жылғы ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу барысында аудандық кітапхана директоры Гулнар Меркатқызы сөз алып алмасуды және кітапты жалпы оқуды насихаттап және жыл бойы жалғасын табуда деп атап айтып өтті.
Бүгінгі технологиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. Соған қарамастан, кітапханаға жиі барып тұратындарды немесе кітап дүкендерінен қымбат романдарды сатып алатындарды сирек көретін шығарсыздар. Оған сылтау жоқ емес: біреуі уақыт десе, екіншісі қалтам көтермейді деп айтуы мүмкін. Ал Кітап сыйлау немесе Буккроссинг деген шара жайында естігендеріңіз бар ма? Бұл әдеби шараға еліміздің кітап сүйер қауымының біраз бөлігі қатысып та үлгерген екен.
Осындай Буккроссинг акциясын ағымдағы жылдан бастап Сарқан аудандық кітапхана ұйымдастырып келеді. «Оқып болсаң, басқаға бер» принципін ұстанатындар негізінде құрылды. Кітап пен оқырман байланысын жетілдіруге, жақсы кітапты насихаттауға тікелей қатысы бар бұл сауалдың жауабын жалғыз біз емес, бүкіл әлем жұртшылығы іздестіруде. Мұндай «кітап мерекесі» жайында толық мәлімет алу үшін тарихына тоқталар болсақ ағылшын тіліндегі «буккроссинг» сөзі тура баламасында кітаптың азат етілуі деген мағынаны береді, орысшасы – «книговорот», қазақшаға аударылғанда «кітаптың айналыста жүруі» болып шығады.
Буккроссингты Рон Хорнбекер ойлап тапты, 2001 жылы ол көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, мына сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Бұған көп адамдар қызығып кеткендіктен, бірнеше жылдан соң сайтқа кірушілер саны ұлғайды. 2004 жылдан бастап «Bookcrossing» Оксфорд сөздігіне ресми түрде кіргізілді.
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «Буккроссинг» қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың ешқандай артықтығы жоқ. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру.
Осы мақсатта жасалып отырған «Буккроссинг» қозғалысының жаңа толқыны аудандық кітапхананың қолға алуымен сәуір айының 9 жұлдызында «Жастар» саябағында ұйымдастырылса, сәуір айының 10 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің алдында безендірілді. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған бұл шараға келген адам көңілінен шыққан кез-келген кітапты оқи алады. Егер үйіне алып кетем десе, орнына басқа кітап алып келуі керек. Басқарма мамандарының айтуынша, буккроссерлер саябақтан әлем және қазақ әдебиеті көркем туындыларын, сөздіктер, балалар әдебиетін таба алады. Ашық аспан астындағы кітапхана ағымдағы жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмек және іс-шара жыл бойы жалғасын таппақ.
Шара соңында қатысушылар суретке түсіп, өз пікірлерімен бөлісті.50 оқырман қауымы қатысты. 10 оқырман кітапханаға тіркелді.
Айсұлу Сейполдина,
аудандық кітапхана әдіскері.