
Тасқұдық ауылының тұрғындарына Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында кездесу өтті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшелері Оралханов Талғат Оралханұлы, Мукашева Светлана Төлеуқызы, Лебедева Татьяна Викторовна аталмыш елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Өз тілшіміз.
