
Сарқанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы «Қанатжан» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Өңіріміздегі тасымал қызметімен айналысып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген аталмыш ұжым мүшелеріне, сондай-ақ Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жұмысшыларға жан-жақты жеткізу мақсатындағы «Қанатжан» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшесі Құдияров Жәлел Қалелұлы қатысты.
Сарқан аудандық коалиция мүшесі ұжым мүшелеріне Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Бұндай бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Өз тілшіміз.
