
Мен Сарқан аудандық коалициясының мүшесі Калиева Гүлшәрбан Мырзабайқызы Бүгін Сарқан қаласындағы «Сарқан аудандық Қазпочта» мекемесінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында мекеме қызметкерлерімен кездесу өткіздім.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өттім.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
https://www.instagram.com/p/DU2vMsECHxw/?igsh=NDdreDN0YWo2MGZw
