
2025 жылғы 28 шілдеде Талдықорған қаласында Жетісу облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Наркобұзушылықтардың алдын алу кеңесінің мүшелері бірлесіп ерекше акция ұйымдастырды. Танымал блогер, @optimist.hafiz ник арқылы белгілі Хафизбен бірге олар қаланың көшелерінде әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперимент барысында тұрғындарға ағзадағы есірткі заттарының бар-жоғын анықтайтын экспресс-тесттен өту ұсынылды. Көптеген қала тұрғындары бұл бастаманы қуана қолдап, өздерінің азаматтық жауапкершілігін және қоғамға үлгі болуға дайындығын көрсетті.
30 шілдеде Талдықорған қаласы «Самал» шағын ауданында Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп Жетісу облысы ПД жанындағы Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі Кеңес мүшесі («Жетісу Қос қанат» үкіметтік емес ұйымының өкілі Е.Н. Пискунова) қатысуымен Талдықорған қаласының тұрғындарымен «Бейнемазмұн түсіру – ҚР ҚК 299-бабы 1-1 бөлігі бойынша қоғамдық орындарда құқықбұзушылыққа азаматтардың әрекеті немесе әрекетсіздігі» есірткіге қарсы әлеуметтік эксперимент өткізілді. Шараның мақсаты азаматтардың күдікті графикалық бейнені салып жатқан адамға реакцияларын бақылап, талдау болды.
31 шілдеде Талдықорған қаласында есірткіге қарсы әлеуметтік эксперимент өтті: қала тұрғындарының есірткі қылмысынан қаншалықты аулақ екендігі тексерілді.
Талдықорған қаласында «Есірткіні тарату, сақтау, жөнелту – ҚР ҚК 297-бабы» атауымен ерекше әлеуметтік эксперимент өтті. Бұл шара есірткі қылмысына байланысты ықтимал жағдайларға реакциясын тексеруге бағытталады.
Эксперименттің бастамашылары: Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Жетісу жастары» КММ, сондай-ақ Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі Кеңес мүшелері.
Эксперименттің мәні: арнайы дайындалған адам Талдықорған қаласында такси жүргізушілеріне «күдік туғызатын оралған қорапшаны» тасымалдауды ұсынды. Оның міндеті – күдікті затты ұсынғаннан кейін жүргізушілердің әрекетін бақылау еді. Бұл экспериментке 8 такси жүргізушілері қатысты. Барлығы тасымалдаудан бас тартты. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Облыс бойынша есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға
бағытталған
6 926 жастың қатысуымен жалпы саны 243 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.