Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «AZIA GOLD» кәсіпорнында болды

       Облыстық мәслихат депуттаттығына үміткер Р.Кожасбаев Сарқан қаласындағы «AZIA GOLD» кәсіпорнында барып қайтты. Бірегей компания республикадағы дәрілік шөптерді экспорттайтын бірден-бір кәсіпорын. Кәсіпорын жер алқаптарында жалбыз, түймедақ, итмұрын, долана, аскөк және тағы басқа шөптерді өсіреді. Жиналған шөптер мұқият тазаланып, кейін кептіріледі. Барлық процесстер шөптердің емдік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Еуропалық нарыққа шығу үшін компания түрлі зертханалық зерттеулерден өтіп, сәйкестік сертификаттарына қол жеткізді. Бүгінде кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

     Кәсіпорын жұмысымен танысып, өндірістік цех пен қойманы аралады. Сайлауалды бағдарламамен таныстырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы айтып берді. 

Мәліметпен бөлісу: