Ой бөлісіп, пікір алмасты

    Жуырда ауданымызға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған мониторингтік топ арнайы сапарлап қайтты.

      Мониторингтік топ алдыменаудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мониторингтік топ мүшелері, аудандық мекеме, бөлім басшылары мен қызметшілері, Nur Otan партиясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді.                                                         

     Кездесуге төрағалық еткен аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков кіріспе сөзінде келтіргендей келелі кеңестің басты мақсатымемлекеттік қызметшілерді толғандырып жүрген мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасу. Алғашқы сөзді Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауы бойынша арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Дания Қыдырбаева алып, қазіргі таңдағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады. Арнайы топ тарапынан атқарылып жатқан шаруалар хақында жан-жақты мәліметтерімен бөліскен Дания Салимбайқызы сондай-ақ қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы құрал ретінде азаматтық бақылауды күшейтуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Топ мүшелері Қайрат Нұрханов, Елдар Сапаров, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы, мониторингтік топтың хатшысы Орал Қажмұханұлы және «Алматы облысының ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айгерім Тажібаеважоғарыда сөз болған мәселелер бойынша өз ойларын білдірді. Жиын соңында қатысушылар өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

      Сонымен қатар арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Дания Қыдырбаева бастаған меймандар Nur Otan партиясы Сарқан аудандық филиалының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен кездессе, қаламыздағы Ақын Сара атындағы орта мектеп қабырғасында өткен жүздесуде білім ошақтарындағы қамқоршылық кеңес мүшелерін, ата-аналарды, ұстаздарды толғандырған мәселелер бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: