Қойлық ауылының тұрғындары дауыс берді

Қойлық ауылындағы Макетов көшесінің тұрғындары бүгін өз азаматтық белсенділіктерін танытып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Тұрғындар дауыс беру рәсіміне жауапкершілікпен қарап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, Қойлық ауылындағы сайлау учаскесі Макетов көшесі №45 мекенжайындағы ауылдық мәдениет үйінде орналасқан.
Дауыс беруге келген тұрғындардың белсенділігі – елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес.

Мәліметпен бөлісу: