Омикрон-бұл коронавирус ауруын тудыратын SARS-COV-2 вирусының жаңа штаммы.Штамм басқалардан көптеген мутациялармен ерекшеленеді.Ол алғаш рет 2021 жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Африкада анықталды.
«Омикрон» штаммының негізгі белгілері қандай?
-Дене қызуының көтерілуі;
-Әлсіреу;
-Тамақ ауруы;
-Жөтел;
-Маңдай бөлімі мен самай бөлімінің ауырсынуы;
-Гипермнезия (есте сақтау қабілетінің бұзылуы);
-Миалгия (бұлшықеттің ауруы);
-Интоксикацияның жалпы белгілері.
Жеткіншектерде кездесетін симптомдар;
-Тез шаршау;
-Тәбеттің болмауы;
-Асқазан ішек жолдарының бұзылысы;
-Денеде бөртпелердің пайда болуы;
«Омикрон»қауіпі
Гонконг университетінің медицина факультетінің ғалымдары зерртеу жүргізіп,жаңа «Омикрон» штаммы бастапқы және алдыңғы штаммдарға қарағанда 70 есе тез өсетінін анықтады. Демек,ол тезірек беріледі, Сонымен қатар,өкпеде «омикрон» бастапқы штаммға қарағанда он есе баяу таралады,сондықтан ауру оңай жүруі мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды вирустан қалай қорғауға болады.
COVID-19-дан қорғауды вакцинация және коронавирустық инфекцияның алдын-алудың барлық шараларның сақталуы қамтамасыз етеді.Жаппай жиналатын орвндарға бармаңыз,ұжымдық,отбасылық іс-шаралар өткізбеңіз,гипотемияға жол бермеңіз маска киіп,өзіңізді қорғаңыз!
COVID-19:ПТР-Сынаманы кімдер тегін тапсыра алады?
-медициналық көрсеткіштер бойынша фильтр кабинетіне жүгінген кезде ЖРВИ және вирустық пневмония белгілері болған кезде;
-КВИ-ға күдікті науқас үшін мобильді топты үйге шақырған кезде;
-жедел тест нәтижесі оң болған жағдайда стационарға шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;
-жоспарлы емдеуге жатқызуға немесе ауруханаға дейінгі тексеру жіберу кезінде;
-жүкті әйелдерге 37 аптадан бастап босануға,емдеуге жатқызу үшін;
-гемодиализдегі пациенттерге тегін жасалады;
Д.Жүніс,
№10 психологиялық педагогикалық коррекциялық түзету кабинеті.