Қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы қоғамдық көлік ONAY! жабдықтарымен толық жабдықталған. Қазіргі танда қалада 480-нен астам аялдамалар, 26 бағыт бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін 228 автобус бар және 7 тасымалдаушы жұмыс істейді.
Қаланың 40 мыңнан астам тұрғыны жеңілдік алатын санаттарға жатады. Қалада жол жүруді тіркеу үшін оқушылар, колледж студенттері, 70 жастан асқан зейнеткерлер, көп балалы аналар, оның ішінде ордендермен марапатталған, 1 топтағы мүгедек адамдар, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, дербестендірілген жеңілдік карталары пайдаланатын болады. Жеңілдікпен жол жүру тек жеке көлік карталары бойынша берілетін болады. Осылайша, жүйе пайдаланушыны анықтай алады және тасымалдаушы сол жолаушының сапары үшін өтемақы ала алады.
«Onay мобильді қосымшасы нашар көретіндерге арналған арнайы бейімделген. Картада баланс әрқашан толы болуы үшін «ONAY! автотолтыру функциясы» бар. Оларды қадағалауға жылдам өту үшін «Таңдаулыларға» маршруттар қоса алады. Сондай-ақ, картаны виртуалды тегін аша алады, QR код арқылы жол жүру ақысын төлеуге, жақындарының ONAY! карталарын қосып балансын толықтыруға, жоғалған немесе ұрланған жағдайда картаны бұғаттай алады», — деді «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директоры Дәурен Сәбитов.
1 қазанға дейін Alem pay операторының карталарын «Бірыңғай» картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі. Карталарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жол ақысын қалай төлеу, карталарды толтыру туралы ақпарат компанияның сайтында onay.kz және әлеуметтік желілерде @onay.kz үнемі жаңартылып отырады.
Талдықорғанда «Единая» картасын ONAY қызмет көрсету орталығынан, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде сатып алуға болады. Жеңілдікті картаны рәсімдеуге өтінішті ENWAY қызмет көрсету орталығындағыдай Назарбаева 35а мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінде беруге болады.