Онкүндік аясында

Қазан айы – аға буынға деген құрмет пен қамқорлық айлығы. Бұл айдың алғашқы онкүндігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық акциясы жүзеге асады. Осыған орай өткен жұма күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржан Әділова мен аудандық ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнар  Мұқанова зағиптар қоғамында болып,  қоғамның белді мүшелерімен кездесті.

 

-Сіздер ешқашан мемлекет назарынан тыс қалмайсыздар,-деді Нұржан Төлеубайқызы.- Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік салаға басымдық беріледі және ол жүйелі түрде іс жүзіне асады. Мерекелеріңіз мерейлі, еліміз еңселі болсын!

Келесі кезекте Гүлнар Тұрсынқызы жанарлары кіреукеленсе де жандары жақсылыққа құштар, ізгілікке іңкәр қоғам мүшелеріне отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр тілеп, мерекелік сый-сияпаттарын ұсынды.

Зағиптар атынан сөз алған  қоғам төрағасы Сіләмхан Әліпбаев, Болат Рахметқалиев мүмкіндігі шектеулі жандардың қам-қарекетіне салғырт қарамайтын аудан әкімдігіне, әкімдіктің бөлімдері мен қоғамдық ұйым басшыларына алғыстарын айтып, ой –пікірлерімен бөлісті.

Ж.Мақатұлы.

 

Мәліметпен бөлісу: