Құрметті аудан тұрғындары! Интернет-сауал салу 2021 жылғы 1-қыркүйек 15 -қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайтында тіркеліп онлайн халық санағын өтуге болады. Респондентке және оның отбасы мүшелеріне өздігінен сауал салу арқылы өтіледі. Барлық санақ парақтарын толтырғаннан кейін «Аяқтау» түймесін басу қажет. «Аяқтау» түймесін басқаннан кейін,санақ парақтарының деректерін редакциялау мүмкін болмайды.Сауал салу аяқталғаннан кейін автоматты түрде хабарлама хат қалыптастырылады және сізге электрондық поштаңызға жіберіледі. Хабарлама хатында: хабарламаның нөмірі және сауал салудан өткен үй-шаруашылықтарының тізімі болады.Бұдан басқа сіздің телефоныңызға сауал салудың аяқталғандығы туралы смс хабарлама келеді.
Санақ аяқталғанға дейін сіз хабарламаның нөмірін сақтауыңыз керек,
Сол хабарламаны тексеру-шілер келгенде көрсетуіңіз қажет.
2021 жылғы 1 қазаннан 30 қазан аралығында план-шеттерді немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдаланумен интервьюерлердің респонденттерге сауал салуды жүргізеді.
Д.Мырзаханова,
Сарқан ауданының
статистика басқармасының
нұсқаушы-бақылаушысы.