БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ «ҚОРҒАС-КОММЕРЦ» ЖШС ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы «Қорғас-Коммерц» ЖШС іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады
Тексеру нәтижелері бойынша «Қорғас-Коммерц» ЖШС конкурстық іріктеу өткізбей, «Қорғас» ХШЫО Қытай бөлігінен келген «Қорғас» ХШЫО аумағында жолаушыларды тасымалдау бойынша «Silk Road Starliht Tour» ЖШС-мен Консорциум туралы шарт жасасқаны анықталды.
Бұл конкурстық іріктеу арқылы әлеуетті инвесторларды/серіктестерді айқындау тәртібі туралы Ережеде белгіленген тәртіпті бұзады. Коммерциялық жобаларды жүзеге асыру үшін мердігерлерді ашық таңдауды талап ететін Ереже.
Жасалған келісім бәсекелестікті шектеді және бір тарап үшін басым жағдайлар жасады, ал басқа әлеуетті қатысушылар тендерге қатысу мүмкіндігінен айырылды, бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабына қайшы келеді.
Анықталған бұзушылықтарға жауап ретінде Департамент заңнаманы бұзуды тоқтату қажеттігі туралы хабарлама шығарды.
Алынған хабарламаға сәйкес «Қорғас-Коммерц» ЖШС консорциум туралы даулы Шартты бұза отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады және сол арқылы Департаменттің хабарламаларын толығымен орындады.
ДЕПАРТАМЕНТ АГЕНТСТВА ПО ЗАЩИТЕ И РАЗВИТИЮ КОНКУРЕНЦИИ ВЫЯВИЛ НАРУШЕНИЯ В ДЕЙСТВИЯХ ТОО «ҚОРҒАС-КОММЕРЦ»
Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по области Жетісу выявил в действиях дочерней компании АО «Управляющая компания СЭЗ «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» ТОО «Қорғас-Коммерц» признаки нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции.
По результатам проверки было установлено, что ТОО «Қорғас-Коммерц» заключило договор о консорциуме с ТОО «Silk Road Starlight Tour» для перевозки пассажиров на территории МЦПС «Хоргос», прибывших из Китайской части, без проведения конкурсного отбора. Это нарушает установленное Положением о порядке определения потенциальных инвесторов/партнеров через конкурсный отбор. Правило, требующее прозрачного выбора подрядчиков для реализации коммерческих проектов.
Заключённое соглашение ограничило конкуренцию и создало преимущественные условия для одной стороны, в то время как другие потенциальные участники были лишены возможности участвовать в тендере, что противоречит статье 194 Предпринимательского кодекса РК.
В ответ на обнаруженные нарушения, Департамент вынес уведомление о необходимости прекратить нарушения законодательства. В соответствии с полученным уведомлением, ТОО «Қорғас-Коммерц» приняло меры по устранению нарушений, расторгнув спорный договор о консорциуме, и тем самым полностью выполнило уведомления Департамента.