ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің
өткен жылғы жауынгерлік қызметінің қорытындысында «Үздік шекара
бөлімшесі» номинациясына ие болған Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қорғас» шекара бөлімшесі туралы болмақ.
2023 жылғы қорытындыда үздік атанған ұжымның тарихында мұндай жетістік бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Бұған дейін де ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы болған кезде бірнеше рет бірінші орынның тұғырынан көрінген. Сонымен қатар, 2019 жылы инженерлік айлықтың нәтижесінде I орынға ие болған.
«Қорғас» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Нұрқанат
Ақылбай:
-Аталған шекара бөлімшесінің басшысы лауазымына
тағайындалғаныма бірнеше айлар ғана болды. Мен ҚР ҰҚК Шекара
академиясының түлегімін. Алғашқы офицерлік қызметімді Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лауазымынан бастадым. Содан бері, түрлі лаузымдық міндеттерді абыроймен атқарып, бірнеше рет шекара шебіндегі тәртіпті бұзуға талпынған адамдардың жолына тосқауыл болған шекара нарядтарының құрамында болдым. Қорғастық шекара сақшыларының қырағы қызметінің арқасында жауынгерлік қызметіміз жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Әскери ұжымның әр лауазымдық тұлғасы өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындайды.
Оған дәлел — өткен жылдың қорытындысында департаменттің
маңдайалдысы атанып жақсы жетістікпен аяқтаған жеке құрамның адал қызметі, — дейді.
Бөлімшеде шекара сақшыларына дұрыс бағыт-бағдар беріп, үлгі бола
білген басшының орынбасарларымның да еңбектері ерек. Олар: аға
лейтенант Бақдәулет Мартұлы мен лейтенант Санат Абеуовтер. Екеуі де шекарашы офицерлердің ұстаханасына айналған Шекара академиясының түлектері. Бақдәулет Мартұлы спортпен бірге аудандық олимпиядада тарих, география пәндерінен жүлделі орындардан көрінген офицер болса,
Санат Абеуов мектеп қабырғасында жүрген уақытында спорттық
үйірмелерге қатысып, қоян-қолтық ұрыста, жеңіл атлетика, үстел тенисінен жүлделі орындарға ие болып жүрген азамат.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті