Орбұлақтағы орасан зор ерлікке — 375 жыл

Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды

ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны — 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым — «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері — Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы — Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр.


Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды 2018 жылғы 1 желтоқсан 15:28 320 Бөлісіңіз: ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат — Бүгін Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны — 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым — «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері — Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы — Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр. «Орбұлақ шайқасы — қазақ халқының азаттық жолындағы тарихи оқиғаларының бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жеңістер Азаттықтың ақ туы астында желбіреді» деп тарих толқынындағы ерлікке толы ұлы оқиғаларды дәріптеуге ерекше мән берген болатын. Мемлекет басшысының жақында жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы да ұлттық тарихымызға терең үңілуге, халқымыздың өткеніне, бүгіні мен болашағына зор құрметпен қарауға үндейді. Орбұлақ шайқасы — сол Ұлы Дала тарихының бір парағы», — деді А. Баталов.

Облыс басшысы өз сөзінде кешеннің авторлары — Ғазиз Ешкенов, Айдар Жамхан және Айдын Жайлаубаевқа көпшіліктің атынан алғыс айта отырып, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады. Мұнан соң Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев, жастар атынан Ернар Ерғали сөз алып, тарихи оқиғаның маңызы, оның бүгінгі күнге берер тәлім-тәрбиесі туралы сөз қозғады.


Мемориалды кешеннің шымылдығы ашылып, шашу шашылды, жиын ән-жырмен өрнектелді. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған шара аудандық Мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Онда Талас Омарбеков, Берекет Кәрібаев, Нәбижан Мұхаметханұлы сынды тарихшы ғалымдар баяндама жасап, шайқастағы әскери әдіс-тәсілдер, оған қатысқан батырлар туралы тарихи деректерді молынан сөйлетті.

Самал Кабышева

Мәліметпен бөлісу: